Қарағанды облысында кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен әлеуметтік әріптестерге арналған семинар-тренинг өтті

Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде өңірдің кәсіподақ активінің 60-тан астам өкіліне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Labour School / Кәсіподақтық Шебер-Мектебімен бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек қатынастарындағы делдалдық – күнделікті прагматика. Кәсіподақтың жұмыс берушімен және қызметкерлермен өзара іс-қимылы» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті.


Семинарды аша отырып, Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков еңбек қатынастарының түрлі бағыттары бойынша білім беру кездесулері кәсіподақ мүшелерінің құзыреттілігі мен құқықтық мәдениетін үнемі арттырып отыруға жағдай жасайтынын атап өтті.

Тренингті қатысушылардың үлкен қызығушылығымен және жоғары кәсіби деңдейде кәсіподақ кеңесшісі және еңбек қатынастары бойынша сарапшы Эдуард Вохмин өткізді, ол өзінің психологиялық дайындығын кәсіподақ активін «дамыту» үшін белсенді қолданады, сондықтан болар кейбіреулер оны «кәсіподақ психоаналитигі» деп те атайды.

Ашық позитивті диалогта семинар-тренингке қатысушылар өзгермелі еңбек саласында және тұтастай алғанда қызметкердің өмір сүру кеңістігінде қызметкерлердің мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі мәселелерін қарастырып, кәсіподақ практикасынан кейстерді талдап, пікір алмасты. Семинарда болған кәсіподақ активі – өздері олар ұсынатын жұмысшылар болып табылады. Адамдарға көмектесіп қана қоймай, кәсіподақ қызметіне тиімді тәсілдерді іздеуге деген ұмтылыс бар.

Соңында жылы атмосферада семинарға қатысушыларға сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Көмір өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, мемлекеттік қызмет, құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік қызметкерлерінің Салалық және Жергілікті кәсіподақтарының облыстық филиалдарының өкілдері ашық білім беру форматындағы қызықты және өте пайдалы кәсіподақ кездесуі үшін алғыс айтылды.