Ақтөбеде кәсіподақ республикалық олимпиаданың өтуіне үлес қосты

Ақтөбеде математика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өз мәресіне жетті.


Білім бәсекесі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен демеушілердің қатарында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы да бар.

Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 23 команда, 100-ге тарта мұғалім қатысты.

Білім бәйгесінің мақсаты математика пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметіндегі жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, қолдау және марапаттау,мұғалім мамандығының қоғамдағы алатын орнын, кәсіби шеберлігін таныту, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, тарату және насихаттау болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6 құрама команда жеңімпаз атанды.