Кәсіподақ төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесті

БҚО Казталов аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы орынбасары Қуанышбек Мұқанғалиев пен «Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы  Айдар Батырхановтың бастауыш кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті.

Шара барысында кәсіподақтың жүзеге асыруы тиіс басым бағыттарына тоқталған филиал төрағасы Айдар Тапашұлы қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда да кәсіподақтың белсенділігі жоғары болуы маңызды екенін атап өтіп, бірқатар мәселелерге тоқталып, сауалдарға жауап берді.

Шара соңында өз саласын өркендету жолында табанды еңбек етіп жүрген мәдениет, спорт, туризм саласының қызметкерлері алғыс хаттар мен медальдармен марапатталды.