Кәсіподақ өкілі студенттердің VII ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

«Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС базасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі» тақырыбында колледж студенттері мен колледж оқушыларының (6-11 сыныптар) VII ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылардың 173 ғылыми жұмыстары ұсынылды.


Ғылыми жұмыстарды қорғау алты бағыт бойынша өтті. Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.Иванова «Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі» ЖШС басшылығының шақыруымен «Сот жүйесі, прокурорлық қадағалау, адвокатура, әкімшілік құқық» секциясында қазылар алқасының төрайымы ретінде қатысты.

Қазылар алқасы баяндамаларды қорғау қорытындысы бойынша студенттерді даярлаудың, шешендік шеберліктің жоғары деңгейін, тақырыптың жаңалығы мен алуан түрлілігін атап өтті.

Сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері мен заңнама белсенді талқыланды, оның барысында қазылар алқасының қатысушылары студенттер мен оқушылармен практикалық білім мен кәсіби тәжірибемен бөлісті.