«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды-Сұрыптау станциясында Наурыз мейрамына арналған «Қазақ күресі» ұлттық спорт түрінен жарыс ұйымдастырды.
Іс-шараны ашқан «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Әлмусин дәстүрлі спорт түрлерінің біріне жеке қатысуға ниет білдірген теміржолшыларға алғысын білдірді.
«Ең бастысы жеңіс емес, қатысу», – деп Ташкентте өткен самбодан 2021 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының ЭЧ-11 электромеханигі Рахат Жананиет қолдады.
Спорттық іс-шарада бас төреші ретінде Қарағанды-Сұрыптау станциясының кезекшісі Данияр Қазанғапов сөз сөйледі. Ол «Қазақ күресінде» кәсіпқой болып саналады және жұмыстан бос уақытын әрдайым жаттығуға арнайды. Күрес бойынша спорттық іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр және бұл Ақадыр, Жаңаарқа, Қарағанды станцияларының 30-дан астам теміржол спортшыларының дебюті.
Жарыс үш салмақты санат бойынша өтті – 73 кг-ға дейін, 81 кг-ға дейін және абсолютті салмақ, жасына және салмақ дәрежесіне қарамастан барлық спортшылар қатысты.
Күрес барысында барлық спортшылар далалық бауырластық танытып, бір-біріне құрметпен қарады. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі табанды күрестің нәтижесінде І орынды Ағадыр ЭЧ-12 энергия учаскесінің қызметкері Сейткарим Бак иеленді. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды Ақадыр ЖМ қызметкері Жанат Жайлаубеков жеңіп алды. Абсолютті салмақ дәрежесінде I орын Қарағанды пайдалану локомотив депосының қызметкері Құрман Батырбекке берілді. Барлық жеңімпаздар «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» Қарағанды филиалынан бағалы сыйлықтар алды.
Жарыстан кейін барлық спортшылар мен жанкүйерлер үшін ұлттық тағамдары – наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ бар мерекелік дастархан жайылды.