Келісу комиссияларының мүшелеріне оқыту семинары өткізілді

«Ұстаз» кәсіподағы Алматы қаласының білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Семинарда тыңдаушылардың назары еңбек заңнамасының нормаларына сүйене отырып, уақтылы және объективті шешім қабылдаудағы келісу комиссиясының бірінші кезектегі рөліне және еңбек дауларын уақтылы шешудегі келісу комиссиясының рөліне аударылды. Семинар аяқталғаннан кейін келісу комиссияларының барлық мүшелеріне сертификаттар табыс етілді.