Еңбекті қорғау түсінігінің үш аспектісі талқыланды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қаулысымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланды. Негізгі міндет — жұмыскерлер арасында қауіпсіз еңбек ортасын құру.

«SENIM» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының мүше ұйымы Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптесі Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы әкімшілігімен бірлесе отырып, «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында аурухана бөлімшелер бойынша “Қауіпсіз еңбек” апталығын және еңбек қауіпсіздігіне байланысты конкурс өткізу жоспары талқыланып, кәсіпорында өндірістік жарақаттардың алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалды.

Жиынға қатысушылар еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырушылық және техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары екендігін баса айтып, осы бағытта бірлесе атқаратын жұмыс бағыттарының негізгі басымдылықтарын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында «Еңбекті қорғау» түсінігінің үш негізгі аспектісі, яғни, еңбек заңдылықтары, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды.