Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 «Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып» бұйрығына өзгерістер енгізілуіне сәйкес Қарағанды қаласының №1 емханасының жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің қызметкерлерімен оларды мобильді бригада бөлімшесіне ауыстыру туралы жиналыс өткізілді.
Ауыстыру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек жағдайлары, атап айтқанда, жұмыс уақыты режимі және еңбек міндеттерін орындау өзгереді. Жалақыға қатысты: әлеуметтік серіктестер оны өзгеріссіз сақтау туралы келісімге келді. Кәсіпорын қызметкерлері үшін еңбек жағдайларының өзгеруі еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, кәсіподақ мүшелерінің қаржылық жағдайының нашарлауынсыз өтеді.