«Қызмет» еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады

Астана қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов пен төрағаның орынбасары Алима Бекназарова елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Айжан Усаева және орталық қызметкерлері қатысты.

«Қызмет» кәсіподағының елордалық филиал басшысы А.Нұрланов қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақтардың құқықтық және консультативтік көмек көрсету, еңбекті қорғау үшін жақсы жағдай жасау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Әсіресе, кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге және ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік беретін негізгі құжат – ұжымдық шартқа мән берілді.