Прокуратура, облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақтар орталығы және «ҚазМұнайГаз» АҚ арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жоба еңбек жанжалдарының алдын алуға және азайтуға бағытталған.
Меморандумның негізгі мақсаты уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және коммуникацияларын дамыту, еңбек дауларын шешуде кәсіподақтардың рөлін күшейту болып табылады.
Жұмыскерлердің мүдделеріне уақтылы әрекеттену еңбек ұжымдарындағы қолайлы ахуалды нығайтуға мүмкіндік береді – деп есептейді облыс прокуроры Руфат Құттықов, ал мүдделі тараптардың тиісті өзара іс-қимылы адамдардың проблемаларын шешудің жеделдігін қамтамасыз етеді және тиісінше наразылық көңіл-күйін төмендетеді.
Меморандум жасасу Еңбек және өзге де дауларды татуластыру рәсімдері арқылы шешу арқылы қоғамдағы жанжалды азайтуға бағытталған. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекті қорғау саласындағы жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша тараптардың ынтымақтастығына ерекше назар аударылатын болады – деп атап өтті облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Сәкен Бекғалиев.
Меморандум шеңберінде еңбек мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясы жұмысқа кірісті, облыстағы даулар мен жанжалдардың себептері, оның ішінде басқа өңірлердің тәжірибесін зерделеу арқылы талданатын болады.