Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Аққағаз Досжанов атындағы конгресс-холында «Екі жұлдыз» сайысы өтті. Сайыс «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің бастауыш кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.
Мақсаты – өскелең жас ұрпақтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұстаз арқылы студенттердің бойындағы ұлтжандылық, отансүйгіштік қабілеттерін жандандыру, Отанға, туған жерге арналған қазақы музыкалық әуендерді насихаттау, оған қызығушылығын ояту, ұлттық сезімді қалыптастыру.
Байқауға 5 жұп, оқытушылар мен студенттер қатысып, сынға түсті. Қатысушы байқау кезінде композитордың шығармасын жанды дауыспен қажетті музыкалық аспаптар сүйемелдеуімен орындады.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы үздіктерді анықтады. Сайыста бас жүлде алғандарға «Щучинский» санаториясына жолдама берілді, сонымен қатар, «Танцор диско», «Ең жарқын көрініс», «Көрермен көзайымы» және «Өнерлі жұп» номинациялар бойынша ақшалай сертификат пен алғыс хат табысталды.