Біз тұратын және жұмыс істейтін жерлеріміздің тазалығы мен тәртібі әрқайсымызға байланысты екенін бәріміз білеміз. Осындай оң көзқараспен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының, салалық кәсіподақтардың облыстық филиалдарының, оның ішінде Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің, «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің, «KYZMET» Мемлекеттік, банк және қоғамдық мекемелер қызметкерлерінің, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік қызметкерлері, Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі, Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіподағындағы әріптестері, сондай-ақ Қазақстан Халықтық партиясының өкілдері, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Expresso» кофеханасы желісінің қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрді сақтай отырып, Кәсіподақтар үйінің іргелес аумағында тазалық орнатты. Ашық ауада бірлескен тату еңбектен кейін қатысушылар туған қаласындағы тазалық үшін атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.
Барлығы аумақты абаттандыру, тазалаудан кейін қоқыстарды шығару бойынша бірлескен жұмыстың нәтижелеріне риза болды, сонымен бірге үлкен сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөленді.