Балқаш қаласында медицина қызметкерлері бас қосты

Балқаш қаласында қалалық көпсалалы аурухана ұжымының қатысуымен есептік-сайлау кездесуі өткізілді.

Күн тәртібінде кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлбадан Ахметжанованың 2021-2022 жылдардағы есебі, тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдардағы есебі тыңдалды.

Шара барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңадан сайланған төрағасы болып Виталий Омаров сайланды. Сонымен қатар, Балқаш өңірінің медициналық жұртшылығына жаңадан сайланған «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподақтары қалалық кеңесінің төрағасы Қымбат Касимова таныстырылды.