Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қасиетті Рамазан айында игі істің ұйытқысы болды. Кәсіподақ мүшелері “Ардагерлерді ардақтайық” акциясын ұйымдастырып, білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаздарға қол ұштарын созып, көмек көрсетті.
Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады. Жасы үлкенді сыйлау, кошемет, құрмет көрсету – адамгершіліктің белгісі. Бұл ізгі қасиеттер жастарды нұрландыра түседі, үлкеннің алғысы жастық жігерлерін шыңдайтыны хақ.
Осы шарада белсенділік танытып, өз замандастарын қайырымдылыққа, ізгілікті істі бірлесіп атқаруға шақырып, ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен жас мамандарға Алғыс хат пен Түркістан қаласына туристік саяхатқа жолдама табысталды.