2023 жылдың 18 сәуір күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесу өтті.
Онлайн форматта өткен іс-шараға ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов, «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Клавдия Михайловна және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кездесуді ашқан ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы әр кәсіподақ мүшесіне өзін толғандырып жүрген мәселелерді ашық жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Бас кеңестің шешімімен 2023 жыл Қауіпсіз еңбек жылы деп жарияланғанын айтты.
Сөз кезегін алған «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов облыстың кәсіподақ ұйымдары 2022 жылы қарқынды жұмыстар атқарғанын атап өтіп, осы №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 114 адам жұмыс істейтінін, оның барлығы да кәсіподақ мүшесі екенін атап айтты.
«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов қатардағы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Мұрат Бердалиев ұйымда 2021-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалғанын, кәсіподақ белсенділерінен тұратын бастауыш кәсіподақ комитеті өз жұмысын «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалымен тығыз байланыста жүргізетінін жеткізді.
Кәсіподақ комитетінің шешімімен «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік осал топтардың құрамына кіретін қызметкерлерді, балаларды мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету, зейнет жасына жеткен қызметкерлерді, мерейтой иелерін құттықтау, қызметкерлерді атаулы мерекелермен құттықтау, материалдық көмек көрсету және де емдік шипажайларға жеңілдікпен жолдама беру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастары аясында бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Кездесуді қорытындылаған Нұрлан Өтешев аймақтағы кәсіподақтар ұйымының жұмысы жақсы жолға қойылғанын атап өтіп.