Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаев кезекті семинарды «Түркістан жол құрылысы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді.
Семинар барысында жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау және еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру аясындағы түрлі ақпараттармен бөлісіп, қатысушылармен аталған бағыттағы жұмыстарды талқылады.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері тақырып бойынша көкейтесті сұрақтарын жолдап, оларға жан-жақты жауаптарын алды.