Батыс Қазақстан облысында «Қадыр оқулары» облыстық байқауы өткізілді

Қадыр Мырза Әлі атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығында «Қадыр оқулары» облыстық байқауы өткізілді.

Бұл шара алғаш рет, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының бастамасымен – Жерлес ақынымыз Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау, рухани құндылықтарымен бөлісу, шығармашыл педагогтерге қолдау білдіру және кәсіподақ жұмысын жетілдіріп, бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Оған қонақ ретінде арнайы шақырумен ардагер ұстаздар және Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.

«Қадыр оқулары» облыстық байқауының Ережесіне сәйкес,аудандық және қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалдары мен облыстық білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орындарында іріктеу кезеңінен өткен, ең үздік деп танылған 45 білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Үш аталым бойынша топ жарған жүлдегерлер түрлі дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүйріктен жүйрік озған сайыста бас жүлде иеленген қатысушылар «Ақжайық» шипажайына жолдама алды.

Облыс көлемінде алғаш өткен бұл сайысты алдағы уақытта республика деңгейіндегі дәстүрлі додаға айналдыру жоспарланған.