Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Кәсіподақтар федерациясының Бас келісімінің 2023 жылдың 27 қаңтарындағы № 1-2 шешімімен «2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы» болып жарияланды.

Осыған орай, «БҚО Кәсіподақтар орталығы» мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ БҚО филиалы, БҚО еңбек инспекциясы және «Жайық Таза қала» ЖШС бірлесіп, «Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне» орай дөңгелек үстел өтті.

Жиын модераторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО ҚБ төрағасы Айдар Батырханов еңбек қауіпсіздігінің маңызын атап өтіп, дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихын қысқаша баяндады.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл  Есекенова өңіріміздегі еңбек қауіпсіздігі сақталмауынан болған жазатайым оқиғалар жөнінде баяндап, статистикалық мәліметтер берді.

БҚО еңбек инспекциясы басқармасының бөлім меңгерушісі Қазбек Жұмагереев жұмыс процесінде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары және техникалық инспекторларды үздіксіз оқытудың маңыздылығын атап өтті.

«Жайық Таза қала» ЖШС директоры шараны қорытындылай келе: «Жайық Таза қала» ЖШС – жүздеген қызметкерлердің басын біріктірген үлкен коммуналдық мекеме. Сол себептен, әр еңбеккердің қауіпсіздік талаптарына сай жұмыс жасауы-азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жеткізеді», – деді.