Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор анықталды

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына арналған жыл сайынғы конкурстың қорытындысын шығарды.

Байқау қорытындысы бойынша II орын Астана қаласының «Кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Анаргүл Маратқызы Айкимбаеваға берілді.

Конкурс еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету, техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында өткізілді.