Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша бағдарлама үздіктері анықталды

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамына қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдар арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау бойынша оң мәдениетті ілгерілету, көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту бағдарламасының үздіктері анықталды.

Үздіктер жұмыс беруші өкілдері мен кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған жиын барысында марапатталды.

Жиынға Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысып, мұнай өндіру саласындағы ірі компанияның еңбекті қорғау шараларын ұйымдастырудағы тәжірибелік жағдайлары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бірлестік төрағасы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2023 жылы Қауіпсіз еңбек жылы болып белігіленіп, кәсіподақтардың қалыпты жұмыс қағидасына айналған жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша мүдделерін білдіру, құқықтарын қорғау жұмыстары ауқымдандырылғанын атап өтті.

«Еңбек қауіпсіздігі бағдарламасында кәсіпорындарда жыл бойына жұмыс барысында жазатайым жағдайлардың орын алмауы, жұмыс уақытын жоғалтумен болған апатты жағдайлардың орын алмауы, жол көлік оқиғаларының орын алмауы және өрт қауіпсіздігінің сақталуы бағалануға алынған негізгі көрсеткіштер болды. Бағдарлама бойынша өндірістік және әкімшілік базалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігі бойынша құжаттардың дұрыстығын, жазатайым оқиғалардың талдауын қарадық, көрсеткіштеді жақсарту бойынша бірнеше ұсыныстар енгізілді», – деп бөлісті ақпаратпен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасы Бақытжан Мұқашева.

Жиын барысында Бағдарлама бойынша үздіктерге марапаттар табысталды, сонымен қатар бірқатар еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторлар аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.