Шымкентте кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесулер легін жалғастыруда

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек 2023 жылға арналған Жол картасы негізінде қаладағы қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен «АВТОИМПУЛЬС» ЖШС еңбек ұжымында болды. Кездесуде «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер мен оның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.


Сонымен қатар, көлік компаниялары арасында жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында жұмыс тобы мүшелері автобус паркінің жүргізушілері мен жұмысшыларының еңбек жағдайымен танысып, жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздік құралдары мен қорғаныш құрылғыларына баса назар аударды. Мұнда автобустардың күн сайын техникалық қауіпсіздігі тексеріліп, жүргізушілер талапқа сай бағытқа шығарды медициналық тексерістен өтіп тұрады.

Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.