Әлем бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында аталып өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарасаңында Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйтқы болуымен арнайы семинар өткізілді.

Семинарды ашып, жүргізген салалық кәсіподақтың төрағасы Жұмазия Есімова ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлердің арасында еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңызыдылығына тоқталды.
«Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Атырау облыстық филиалының директоры Айжан Дәулетиярованың айтуынша, зертхананың аса қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеп, тексерумен шұғылданатын бактериологиялық және серологиялық бөлімдері мамандары арасында еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау ереже-нұсқаулықтар бойынша жүргізілетіндігін жеткізді. Зертхана мамандары арнаулы қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етілген.Зиянды ортада жұмыс жасайтындарға сүт беріледі. Тоқсан сайын мамандар техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтан, дәрігерлік тексерістен уақтылы өтіп тұрады.
Аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбила Қазиева семинарға қатысушы әріптестеріне өңірдің егістік, жайылымдық және шабындық жерлерін түрлі зиянкестерден қорғау шаралары барысында қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау жайын бейнелі көрнекілік арқылы әсерлі баяндады.