«Астана су арнасы» компаниясының қызметкерлеріне Ораза айт мерекесінде материалдық көмек берілді. Кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан табысы орташадан төмен және көпбалалы отбасылар сыйақы алды. Барлығы 69 қызметкердің әрқайсысына 25000 теңгеден таратылды.
«Кәсіпорын басшылығы ұжымдық шартта қабылданған міндеттемелерді орындау кезінде өндірісті тиімді басқара отырып, қызметкерлерге барынша әлеуметтік және материалдық әл-ауқатын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті бастауыш ұйым төрайымы Күмісжан Бектасова.
Айта кетерлігі, «Астана су арнасы» компаниясының ұжымдық шарты – елордамыздағы ең үздік ұжымдық шарт болып табылады. Өткен жылы әлеуметтік әріптестікті дамыту және кәсіподақ қозғалысын қолдау саласында кәсіпорын ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес» атағына ие болды.