Тұрғын үй басқармасы кәсіподақ мүшелерінің жайдайымен танысты

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кестесіне сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арнайы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.


Кездесуде басқарма тарапынан басшының орынбасары Әбиев Оспан Оразбайұлы және кәсіподақ төрағасы Балбаев Әбдімәлік қатысты.

Басқарма және оның кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы кәсіподақтармен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Құрамында 45 адам кәсіподақ мүшесі бар.

Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша Ұжымдық шарт түзу, Келісу комиссиясын құру, Өндірістік Кеңес құру, олардың жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын қорытындысында басшының орынбасары Әбиев Оспан Оразбайұлы кездесуге келген кәсіподақ өкілдеріне басқарманың қызметкерлері атынан алғыс айтып, барша жиынға қатысушыларды кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамытуға және «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында белсенді жұмыс жасауға шақырды.