Қыз баланың тәрбиесіне назар аударған қазақ халқы әрбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрді бойына сіңіріп, қылығына қатаң қараған. Отбасынан бастау алатын тәрбиенің екінші ошағы колледж. Осы орайда, Жетісу құрылыс-техникалық колледжінде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ақжаулықты аналармен кездесу өтті.
Кездесуге «Жетісу облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Жетісу облысының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Мүшелтой» аула клубының директоры Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы, «Мүшелтой» аула клубының белсенді әжелер тобы, «Жетісу облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Қапышева Меруерт Мұратқызы, «Jetisy jastary» КММ-нің психолог маманы Джумабаева Салтанат, Исламтанушы Қасымхан Ақмарал Ринаткызы арнайы қатысып, студенттермен ашық пікірлесті.