Аудандарда еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

БҚО әкімдігі ДСБ «Казталов аудандық 2-ауруханасы» ШЖҚ МКК еңбек ұжымында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы  М.Кусаинов, заңгер С.Саменова және Халықаралық құқық қорғау медиация орталығының мүшесі, кәсіби медиатор З.Шатикова медицина қызметкерлерімен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесуде төраға Махамбет Кәкімұлы 2022 жылы және 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, «SENIM» кәсіподағының басты бағыттары туралы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезі туралы айтты.

Шара соңында медиатор З.Шатикова медиация туралы түсінік беріп, сауалнама жүргізіп, нәтижесінде, медициналық ұйымдардың сұралған қызметкерлерінің арасында медиация рәсімі туралы көпшілік хабардар еместігін анықтады.

Бұл кездесулер БҚО денсаулық сақтау басқармасы, “Senim” Батыс Қазақстан облыстық филиалы және медиатор З.Шатикова арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.