Бірінші рет Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымының бастамасымен зауыт балалары арасында сурет салу байқауының жеңімпаздары анықталды. Балақайлар салтанатты түрде диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Шара 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Балалардың шығармашылық жұмыстары кәсіподақ ұйымының фоесіне және орталық өткел алаңына қойылды. Зауыттықтар оны тамашалап балалардың туындыларына тәнті болып, ыстық ілтипаттарын жеткізді.
Байқауға 7 мен 14 жас аралығындағы 69 зауыт балалары өздерінің кішкентай қолдарымен салған әдемі, мағыналы туындыларын ұсынған.
“Балалардың белсенділігі мен қауіпсіздікке немқұрайлы қарамайтындығы мені қатты қуантты. Әрқайсысының туындысы ерекше бір әлем. «Әке үйге аман-сау оралыңыз», «Біз сізді асыға күтеміз» деген сөздері жанымызға жылылық сыйлады”, – деп ой бөлісті әділқазылар алқасының мүшесі Айнаш Имекешева.
Кәсіподақ ұйымы жас мамандар кеңесінің өкілдері, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің жетекші мамандарынан құралған әділқазылар алқасы жұмыстарды қорытындылап, үздіктерді анықтады. Қазылар алқасының шешімімен7 жастан 10 жас аралығы бойынша I-ші орынды Айгерім Кусмухамбетова иеленсе, II-ші орын Жәңгір Канторбаевқа, ал III-ші орынСабина Махсетке бұйырды. 14 жас ерекшелігі бойынша I-ші орынға Лаура Бекенованың туындысы лайық деп танылса, II-ші София Павленкоға бұйырды, III-ші орынды Инесса Лисичкина қанағат тұтты. Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар салтанатты түрде кәсіподақ ұйымыныңдиплом және ақшалай сыйақысымен марапатталды.
Ал қалған 63 балалар да сыйлықсыз қалмады. Оларда белсене қатысқандары үшін арнайы диплом және ынталандыру сыйақысына ие болды.