Кәсіподақ көшбасшылары марапатталды

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағында үздік және белсенді кәсіподақ жетекшілеріне марапаттар табысталды.

“Жақында біз Павлодар облысы кәсіподақтарының және Кәсіподақ орталығының басшыларымен кездестік. Кездесуде «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысы жоғары бағаланды. Бұл көмір өндіру разрезі учаскелерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды күн сайын орындайтын әрбір техникалық инспектордың, атқару комитеті мүшесінің еңбегі”, – деп атап өтті С.Михайлюк.


Белсенді кәсіподақ қызметі үшін және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеуге байланысты 1-дәрежелі «Шахтер данкі» белгісімен «Богатырская» ЖПҚ электр газ дәнекерлеушісі В.Михайличенко, «Богатырь» разрезінің 1 өндіру және қайта өңдеу учаскесінің экскаватор машинисі А.Бочаров марапатталды.

Сонымен қатар, «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының атынан кәсіподақ ардагерлері кеңесінің төрағасы В.Слободенюк, ардагерлер кеңесінің зейнеткері, бұрынғы аға техникалық инспектор Т.Сластен естелік марапаттарға ие болды.