Кәсіподақ өкілдері өзара бақ сынасты

«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жергілікті кәсіподаққа кіретін қызметкерлер арасында шахмат және дойбы бойынша турнирлер өткізді. Жарысқа түрлі кәсіпорындардан барлығы 15 адам қатысты. Зияткерлік жекпе-жектің нәтижесінде ерлер арасындағы шахмат бойынша 1-орынды – Бекболат Муканов («ПЭТК» АҚ), 2-орынды – Диас Матенов («ПЭТК» АҚ), 3-орынды – Габит Миндегереев («УПНК-ПВ» ЖШС) иеленді. Әйелдер арасында 1-орынға – Ирина Грюкачева («ПЭТК» АҚ), 2-орынға – Ирина Чиркова (2-ЖЭО), 3-орынға – Мөлдір Аймурзаева («УПНК-ПВ» ЖШС) ие болды.

Дойбы бойынша ерлер есебінде 1-орын – Андренюк Андрей («ПЭТК» АҚ), 2-орын – Заитов Айбын(ЖЭО-3), 3-орын – Саденов Нуртай («ПЭТК» АҚ), әйелдер арасында Надежда Мороз («ПЭТК» АҚ) жеңімпаз атанды.


«Біз «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамына кіретін кәсіпорындар қызметкерлері үшін түрлі жарыстарды қуана өткіземіз. Көптен бері бізді мазалаған ковидтік шектеулер аяқталып, біз электр жүйесі қызметкерлері үшін бос уақытты өткізу үшін түрлі шаралар ұйымдастыруға дайынбыз, бұл жолы жарыстар күнтізбесіне сәйкес, қызметкерлер шахмат пен дойбы ойнауда өз тактикалық ойлау шеберліктерін көрсете алды. Бұл ойындардың қаламыздағы танымалдылығына таң қалдым, жарыстарға бос аудитория алып үлгергеніміз үлкен олжа, кабинеттерге бірнеше ай бұрын тапсырыс бердік», – дейді кәсіподақ жетекшісі Балтабек Төлеубаев.