Жұмыс орнында еңбек қатынастары мәселелері талданды

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік мекемесі қызметкерлерінің еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі өтініш берушілердің жұмыс орны бойынша «Еңбек консультациялары» өтті. Оған өтініш берушілер, жұмыс беруші өкілдері, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары А.Рахимова, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының бас маманы Г.Камалова, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы М.Иванова қатысты.


Өтініш берушілерге жұмыс берушінің, мемлекеттік органның өкілдеріне жеке сұрақтар қоюға, түсініктемелер алуға мүмкіндік берілді.

Мәселенің мәні жұмыс берушінің бастамасы бойынша тәрбиешілердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытына өзгерістер енгізуге қатысты болды.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова мәселені уәкілетті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жасауға бастамашылық жасай отырып, депутаттық бақылауға алды.

Тәрбиешілер Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығында» құқықтық қолдау ала алады.