Үлкенге құрмет көрсетілді

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді.

Жеңіс күніне орай Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподағы білім бөлімімен және ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, саналы өмірінің 30 жылдан астамын ұстаздық жолға арнап, білім саласында елеулі қызмет еткен ұстаздардың бірі Шкенова Раушан Шкенқызын 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.


Раушан Шкенқызы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің грамоталарымен бірнеше рет марапатталған, кейін ұлағатты ұстазға “ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі”, “Халық ағарту ісінің үздігі” атағы берілген.