«ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Өскемен филиалы 102 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына семинар өткізді. Семинар білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарында кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.
Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесі туралы оның төрағасы, қалалық кәсіподақ ұйымының атқару комитетінің мүшесі Ботагөз Джаутикова баяндама жасады. Ол әлеуметтік әріптестік мәселелеріне, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруға, кәсіподақ көшбасшысының оң имиджіне ерекше назар аударды. Мектеп директоры Нұргүл Тарина мектептің кәсіподақ комитетінің бастамаларын толық қолдайтынын атап өтті, ол өз кезегінде мекеме қызметкерлері арасында моральдық-психологиялық ахуалды, еңбек тәртібін нығайту, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуы туралы айтып кетті. Осы істеліп жатқан жұмыстын нәтижесінде еңбек ұжымына кәсіподақ мүшелігімен толық қамту болып табылады.
Семинар барысында филиал төрағасы Александр Кузнецов семинарға қатысушылардың кәсіподақ қызметіне, еңбекақыға, еңбек қызметін ресімдеуге, қызметкерлерді аттестаттауға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, филиал кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды ұсынды.