Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің және Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің еріктілері «Игі істер марафоны» акциясы аясында қазіргі уақытта жалғыз тұратын 77 жастағы Еңбек ардагері Ханшайым апаның үйіне және ауласына санитарлық тазалау өткізуге көмек көрсетті.
Жастар шын ниетпен көмек көрсетіп, құрметті аға буын өкілінің өмірі мен еңбек жолы туралы тыңдап, зор денсаулық пен белсенді ұзақ өмір тіледі. Кездесуден кейін Ханшайым апа кәсіподақ қозғалысының еріктілеріне алғысын білдіріп, өмірлеріне жарқын жол, барлық бастамаларға сәттілік, бақыт, амандық пен бейбітшілік тілеп ақ батасын берді.