«Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Сәкен Бекгалыев пен «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Мақсат Рзаханов Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті.
Кездесу барысында облыстық мәслихатта қызметкерлердің әлеуметтік, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша депутаттар тобын құру мәселесі қаралатындығы айтылды.
Сондай-ақ, кәсіподақ орталығы облыстық мәслихатқа аталған топтың үлгілік Ережесін ұсынды.
“Бұл топты құрудың негізгі мақсаты – әлеуметтік-еңбек және онымен байланысты экономикалық және қоғамдық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру және оған кәсіподақ қозғалысымен ынтымақтасуды және өз қызметінде кәсіподақтардың пікірін ескеруді маңызды деп санайтын депутаттар кіре алады”, – деп атап өтті Маңғыстау облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы С.Бекгалыев.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Ж.Матаев депутаттар мен кәсіподақтардың өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша мақсаттары сәйкес келетінін, сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы кәсіподақтың мәслихат құрамында депутаттық топ құру туралы бастамасын қолдап, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының отырысында аталған топтың Ережесі мен құрамы қарастырылатындығы туралы хабардар етті.