Өз саласының үздіктері марапатталды

12 мамыр күні дүние жүзі бойынша медбикелердің кәсіби мерекесі – Халықаралық медбикелер күні. Биылғы жылы Қарағанды өңірінде бұл мереке кең көлемде аталып өтті.


Мереке қарсаңында 2023 жылғы Үздік орта медицина қызметкеріне арналған облыстық конкурстың қорытындысы шығарылды. Қарағанды облысының “2023 жылғы Үздік медбикесі” «Қарағанды қаласының №1 емханасы» КМК Әйгерім Әбенова болды, ал Қарағанды облысының “2023 жылғы Үздік фельдшері” «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК Ирина Бирюкова атанды, Қарағанды облысының “2023 жылғы Үздік фармацевті” «Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК Құралай Пошанова, Қарағанды облысының “2023 жылғы Үздік гигиенист-эпидемиологы” «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК Индира Айкенбаева болды

Сонымен қатар, Қарағанды облысының “2023 жылғы Үздік зертханашысы” «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК Әділбаева Гакку болса, «Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК Лидия Загнибородина 2023 жылғы “Қарағанды облысының Үздік акушері” болып танылды.

«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Қарағанды қаласының №5 емханасының» КМК бас медбикесі Жәния Бапашеваға, «Балқашстоматология» ЖШС тіс технигі Марат Әбеуовке «SENIM» кәсіподақ төсбелгілерін табыстады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен, атап айтқанда, «Еңбек ардагері» медалімен Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжінің тәлімгері Наталья Полынько, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Балқаш қаласының медициналық колледжі директорының орынбасары Айнагүл Тоқейбекова, «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжінің оқытушысы Гүлмира Қалиева және алтыншы ауданның орталық аудандық ауруханасының Қызылқой медициналық пунктінің медбикесі Гүлнар Түсіпбай марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облысы Әкімінің және «SENIM» кәсіподағының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.