Ақтөбе облысы Шалқар ауданында №8 орта мектебі базасында «Жетекші мектептің табысты негізі: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» атты жетекші, серіктес мектептердің қатысуымен конференция өтті.
Білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған шара мақсаты – жетекші мектептер жұмысын жетілдіру, серіктес мектептердегі өзекті мәселелерді айқындау, талқылау, қолдау көрсету және бірлескен ынтымақтастықты қалыптастыру, білім сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал ету.
Конференция барысында жетекші мектептер серіктес мектептермен бірлескен ынтымақтастық негізінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Қатысушылар сабақты зерттеу – педагогтердің құзыреттілігін арттырып, оқушының оқу белсенділігін дамытуда септігі зор екендігін айтты.
Шара барысында мектептер аудандық білім бөлімінің мадақтамасына ие болды. Облыстық, аймақтық, республикалық деңгейлерде өткізілген шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізген жетекші және серіктес мектептердің белсенділеріне аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.