Кәсіподақтардың Заң клиникасында қабылдау жүргізілді

Павлодардағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалында филиал басшысы, кәсіби медиатор М.Иванова құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.

Қабылдау шеңберінде өтініш берушіге еңбек шартын жасасу тәртібі, жалақы төлеу бойынша берешек сомасын өндіріп алу тәртібі, еңбек қатынастары фактісін белгілеу туралы сотқа талап арыз беру қағидалары туралы құқықтық консультация берілді.

Өтініш берушіге медиация тәртібімен келісім жасасу арқылы еңбек дауын реттеу мүмкіндігі, ал жұмыс беруші медиация рәсімінен бас тартқан жағдайда еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдардың одан әрі алгоритмі түсіндірілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы күн сайын азаматтарды – кәсіподақ мүшелерін еңбек қатынастары саласындағы даулы мәселелер жөнінде Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, 2а кабинет мекенжайы бойынша қабылдау өткізеді, жедел желі телефоны 87477025840.