Мейірбикелерге құрмет көрсетілді

Өскемен қаласында Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде халықаралық мейірбекелер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шарада “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Құрманғазы Тлеубеков қатысты.


Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі болып қалады.

Осы орайда филиал төрағасы Құрманғазы Бакранұлы мейірбекелерді құттықтап, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгілерімен, Құрмет, Алғыс грамоталарымен марапаттады. Сонымен қоса, мамандарға сыйлықтар табысталды.