Қарағанды облысы Достық үйінде өткен конференцияда Қазақстанда еңбекті қорғауды дамыту және азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.
Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР ЕХӘҚМ РҒЗИ бас директоры Шолпан Абикенова, РҒЗИ РМК бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Алимжан Бекмагамбетов, «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Ирина Любарская, «Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық бірлестік төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина және басқалар қатысты.
Екі сессиядан тұратын конференция барысында Қазақстанда еңбекті қорғауды дамыту перспективалары талқыланды. Бірінші сессия G2B форматында еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды. Екінші сессия аясында В2В форматында еңбекті қорғау және ғылымды коммерцияландыру саласындағы үздік тәжірибелер ұсынылды.
Конференцияны ашқан бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасов мемлекеттік саясатты іске асырудағы жүйелі жұмысты атап өтті.
«Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі кезеңінде цифрландыру объективі арқылы еңбек қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде жүйелі шаралар іске асырылуда. Жаңа жағдайлар еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін талап етеді, олар тек ғылыми зерттеулердің тақырыбы ғана емес, заң шығарушы және атқарушы билік қызметіндегі нақты бағыттар болуы тиіс», – деді Ақмәди Сарбасов өз сөзінде.
Конференция ең өзекті мәселелер бойынша пікірталаспен аяқталды.