Қызылордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай шағын футболдан турнир өтті.
Турнирге облыстық мәдениет және спорт басқармасы мен оған қарасты мәдени мекемелер және қалалық мәдениет және спорт бөлімінен құралған 10 команда қатысты.
Сала қызметкерлерін облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Әріптестер арасындағы футбол өте тартысты, әрі қызықты өтті. Жарысқа қатысушылар тарапынан ұжымдар арасында ауызбіршілік пен әріптестік қарым-қатынасты дамытатын спорттық турнирлерді өткізу үрдіске айналуы ұсынылды.
Ала доппен ойында шеберлік танытқан командаларға жүлделі орындар үшін Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрайымы Раушан Үмбетова арнайы диплом, медаль, кубок және қаржылай сыйлықтарды және үздік ойын көрсеткен спортшыларға арнайы номинацияларды табыстады.