«Мамандығым – мақтанышым» онлайн байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне және «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты өз ісінің шебер мамандарын, еліміздің даму жолында адал еңбек етіп, табысты еңбек жолымен өнеге бола білген еңбек адамдарын көпке үлгі ету, құрметтеу, еңбегін насихаттау, еңбек адамының мәртебесін арттыру болып табылады.
Байқау қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау Facebook парақшасында жарияланған бейнежазбаларға дауыс беруі, ұжымның облыстық кәсіподақтың парақшасына жазылуы және облыстық кәсіподақ комитетінің қазылар алқасының бағалауы арқылы анықталды.Марапаттау рәсіміне қатысқан Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев кәсіподақ қозғалысы, Кәсіподақтар Федерациясының жариялауымен 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек» жылы туралы, сонымен қатар «Мамандығым – мақтанышым» байқауына қатысушылар өз саласының білікті мамандары, адал еңбек жолымен көпке үлгі екенін, барлығын да жеңімпаз деп танитынын жеткізді.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы М.Нәлібаев пен «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тұрсынбаева байқау жеңімпаздарына, қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар табыстады.