«18 мамыр – халықаралық музей күніне» орай Шымкент қаласының ашық аспанындағы «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Халықаралық музей түні» мерекесі аясында «Музей – тарих қоймасы, өмір айнасы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын және іс-шараны ұйымдастырушы кешен қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ардагеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамоталарын» табыстады.
Атап айтқанда, «Шым қала тарихи-мәдени кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері: Кенжекулова Мадина Дүйсенбайқызы, Сыпатаева Кунсулу Балқыбекқызы, Тулеева Нұрсұлу Марқабақызы, Медетбекова Нуржамал Орынбасарқызы, Даулеталиева Айнагүл Оразбекқызы, Эрметова Феруза марапатталды.
Іс-шара барысында келген жұртқа «Музей – құндылықтар ордасы» тарихымен таныстырылып, кәсіпкерлермен ұлттық нақыштағы киімдердің сән үлгілері көрсетіліп, салт-дәстүрге сәйкес өнерлі оқушылар мен студент жастардың концерттік бағдарламалары қойылып, әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің билерін тамашалады.
Осылай тарихқа терең шолу жасаған қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.