Сарыағаштың төрінде Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының демеушілігімен Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спартакиадасы салтанатты түрде ашылып жарыс додасы бастау алды.
Жарыстың мақсаты білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау. Білім қызметкерлері арасында республикалық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшылар мен командаларды іріктеу.
Екі күнге созылатын байрақты бәсекелерде жарыс қатысушылары футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ сияқты спорттың 5 түрі бойынша жеңіске жету үшін өзара күш сынасатиын болады. Жеңімпаз командаларға кубоктар, медальдер мен арнайы марапаттар табысталады.