«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты кездесу өткізді.
Іс-шараға «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрағасы С.Осман, Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының орынбасары С.Сәдуақас және Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Иванова қатысты.
Бастауыш кәсіподақтардың басшылары мен мүшелері республикалық салалық, аумақтық, облыстық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Мәдениет саласындағы көп жылғы адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі үшін Май ауданы МСО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Долголевец және Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы МСО әдіскері Ж.Майкенова «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталды.