Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолияның кәсіподақтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім Орталық Азиядағы туризмді дамытуға сеп болмақ. Осылайша, бес елдің 10 млннан астам кәсіподақ мүшелерін қамтитын Кеңесте, емдік-сауықтыру, турлар ұйымдастыру, жаңа маршруттар қосу мен туристер алмасу мәселелері қарастырылды. Қабылданған шешімнің нәтижесінде, биыл 4 мыңнан аса қазақстандық кәсіподақтар арқылы Өзбекстанның шипажайларында демала алады.
Бахтиер Махмадалиев, Өзбекстан кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары:
-Орталық Азия кәсіподақтарының мүшелері Өзбекстанның санаторийлерінде демалу үшін бар жағдай жасалған. Бізде ол үшін қазір 7 мың орынға шақталған заманауи 31 санаторий жұмыс істейді. Бүгінгі отырыста осы мәселені де өзара талқылап, меморандумға қол қойдық.