Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының заңгері Малина Башарова мен Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары, кеңесші Әлібек Саттаров Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен “Елордалық цирк” МКҚК ұжымын құттықтады.
Салалық кәсіподақ көшбасшылары жақында сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бикеев Мұрат Ілиясұлының жетекшлігімен республикалық деңгейде кәсіптік және кәсіподақ қызметінде біріншілік деңгейін ұстап тұрған ұжымның жетістіктерін атап өтіп, одан әрі толағай табыстарға жетуді тіледі.
Елордалық цирктің бірқатар қызметкерлері Салалық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен марапатталды: Нұркен Айнақұлов, Ибрахим Әлімбеков, Самат Байбазаров, Әсет Бабиков, Панфила Дулетбекова, Аида Қанапина, Николай Поплевин, Жанат Есіркепова, Нұрбек Тұмашбай, Лайлақдыр Бөлеген, Хорлан Жанмырзаева, Борис Битлесов, Мұратбек Әзімханов, Гүлнәр Сейдалиева, Рысты Хафизова, Бақытжамал Тоқтамысова, Мейіржан Тұрсынқұлов, Болат Толыбаев, Шерхан Қонысбаев.
Салалық кәсіподақтың “Еңбек даңқы” наградасы Берік Сәлімбаев пен Назер Мерекеқызына табысталды.