Оралда мәдениет және өнер қызметкерлері «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы Айдар  Батырханов Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастыруымен өткен Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау шарасына қатысты.

Аталған шарада Айдар Тапашұлы Кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.

Әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй төккен мәдениет және өнер майталмандары мен ардагерлері жиналған мерекелік шара сала қызметкерлеріне жақсы көңіл-күй мен тамаша әсер сыйлады.