«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы Айдар Батырханов өңірдің салалық бастауыш кәсіподақтары төрағаларымен кеңес өткізді.
Кеңес «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне орайластырылып жоспарланған. Шара барысында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы жұмысының барысы мен алға қойылған жоспарлар талқыланып, бастауыш кәсіподақ төрағаларына нақты тапсырмалар берді.
Кеңеске қатысушылар кәсіподақ жұмысына байланысты өз жоспарларымен бөлісіп, мамандардан көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Шара соңында белсенді кәсіподақ төрағалары Айдар Тапашұлы атынан алғыс хаттар мен марапаттауларға ие болды.