Кәсіподақтар әріптесін құттықтады

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев әріптестерімен облыстық мәдениет,спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Үмбетова Раушан Балтабайқызын туған күнімен құттықтады.

Раушан Балтабайқызы 2011 жылдан бері облыстағы аталған сала қызметкерлерінің еңбек-әлеуметтік мүдделерін білдіруде қызмет жасап келеді. Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымы қазірде 55 бастауыш кәсіподақ ұйымында төрт мыңнан аса кәсіподақ мүшеселерін біріктіріп отыр.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы, бірнеше салаларда өңірде әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмыстарыңызға сәттіліктер тілейміз. Еңбек адамының мүддесі үшін жұмысыңыз әрқашан табысты болсын. Өзіңізге денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – деп тілек білдірді бірлестік төрағасы құттықтауында.