Талдықорғанда II Азаматтық форум өз жұмысын аяқтады

Талдықорғанда Жетісу облысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» II Азаматтық форумы өз жұмысын аяқтады. Оған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Мұндай съезді облыс әкімдігімен бірлесіп, Жетісу облысының Азаматтық альянсы ұйымдастырды. Екі күн ішінде АҚДМ комитеттерінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, облыстар мен қалалар әкімдіктерінің бейінді басқармаларының қатысуымен өткізілген іс-шараға қатысушылар азаматтық қоғамды толғандыратын мәселелерді талқылады.


Форумның міндеттері: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын іске асыру шеңберінде азаматтық секторды мемлекеттік қолдау және реттеу жүйесінің нәтижелерін бағалау; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылау, азаматтық қоғамның түрлі республикалық, өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу деңгейін бағалау; ҮЕҰ-ға сенім деңгейін арттыру болды.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың атынан жиналғандарды оның орынбасары Рустам Әли қарсы алды.

Форумның екінші күні ҮЕҰ мен мемлекеттік сектордың өзара іс-қимылы туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев негізгі баяндама жасады. Айдар Башбаев өз сөзінде қоғамдағы үкіметтік емес секторға деген сенім деңгейі күн сайын артып келе жатқанын атап өтті. Ал бұл әділ Қазақстанды құру үшін өте маңызды. Барлық деңгейде құрылған Қоғамдық кеңестер үлкен мүмкіндіктерге ие.

Мұнда талқылаудың негізгі тақырыбы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері мен перспективалары болды. Форум жергілікті ҮЕҰ әзірлеген үздік жобаларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстаумен аяқталды.